count 88x31px
Меню сайта
Последние релизы
Друзья сайта
Последние релизы
Интересное
Қазақ эстрадасы тағы бір талантты жігіттерден құралған «Заман» тобымен толықты. «Өмір өзен ағады..»деп өнер сүйер жүректерді тебіренткен жас әншілер Ерден мен Әсет киелі батыс өңірінің тумалары. Сахнаға шыққандарына санаулы уақыт болса да өз көрермендерін тауып үлгерді.

–«Заман» қалай құрылды? Лұқпан Жолдасовпен қалай кездестіңдер?

–Әсет: Атырау қаласында филармонияда жұмыс жасап жүрген едік. Ерден өз алдына жеке әнші, мен де солай. 2011 жылдың басында Лұқпан аға «Каспий» тобымен Атырауға жаңа жылдық концертке келді . Сол жерде танысып, біздің әнімізді тыңдаған болатын. Содан бізді ұнатып осылай қанатының астына алды.

–Топтың атауы неліктен «Заман» деп қойылды? Бұл идея қайдан туындады?

–Ерден: Бұрын Маңғыстауда «Заман» деген топ болған. Оның мүшелері қазір ақсақал жасына келген кісілер. Лұқпан аға арнайы барып сол кісілердің алдынан өтіп рұхсатын, батасын алып топтың атауы бекітілді.

–Әсет: Бір жағынан заманға лайықты, х ... Читать дальше »
Просмотров: 1789 | Добавленно: 02.04.2012 | Комментариев: 0

21 наурыз күні Атырау облысынан жарық көретін «Ақжайық» газетінің мәдени шолушысы Айнұр Сапарова жастардың сүйікті әншісі Бейбіт Қорғанмен сұхбаттасамын деп екінті мен ақшамның арасында ғаламат шытырман оқиғаны бастан кешті. Өңірге гастрольдік сапармен барған танымал әншінің өрескел әрекетінің нақты себебіне батыс аймақтағы журналистпен сұхбат кезінде қанық болдық.
– Айнұр, мереке қарсаңындағы шулы оқиға қалай басталды? Білуімізше, сіз әншінің намысына тиетіндей «сұрақ» қойыпсыз?
– Атырау қаласына концерт қоюға келген Бейбіт Қорғанмен әңгіме үстінде «Жұлдыз ауруына қатысты пікіріңізді білдірсеңіз», – деген едім. Бейбіт Қорған жауап беріп отырғанымен, сұрақты осылай қойғанымды ұнатпай отырғаны қабағынан байқалып тұрды. Оның екінші концертінің басталатын уақыты таяп қалғандықтан, соңғы сұрағымды қоя бергенім сол еді, әншіміз бірден шамданып шыға келді. «Сен неге менің сөзімді аяғына дейін тыңдамайсың? Бұл қалай өзі?» дегенінде, мен: «Кешіріңіз.
Сіздің сөзіңіз аяқталғ ... Читать дальше »
Просмотров: 2285 | Добавленно: 01.04.2012 | Комментариев: 0

Жакау-Сонгы Тандау туралы!
презентация клипа Жакау (Сонгы тандау) ТДК42

Просмотров: 2147 | Добавленно: 23.03.2012 | Комментариев: 0

Смерч а.к.а Жакау - Съемка клипа «Карттын Кайгысы»
Карттын кайгысы! скоро! продюсер и режиссер Парасат Ибраев

Просмотров: 2148 | Добавленно: 23.03.2012 | Комментариев: 0

Отандық шоу-бизнесте мұндай оқиға мүлдем болған емес. Сахна төрінде жүргеніне 10 жылдан асқан «Орда» тобының жігіттері «Ғашықсың ба?» атты бейнебаянын 3 сағатта түсіріп шығыпты.

Еліміздің шоу-бизнесінде ерекше бейнефильм түсірген «Орда» тобы көрермендерді тағы да таңғалдыруда. Жазда олар «Запрещенные танцы» атты фильміне іріктеу жариялап, жеткіншектерді түрлі би ағымдарына үйреткен болатын. Ерекше туындыны сәуір айында еліміздің кинотеатрларынан тамашалауға болады. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуі бойынша, фильм 2 тілде шығады. Jado Сахиеваның мәліметіне сүйенсек, бейнефильм 2 бөлімнен тұрады.

Көрермендер әнші әрі биші, сонымен қатар еліміздің сахнасындағы ең сәнді жігіттердің шығармашылығындағы 6-шы бейнебаянды тамашалайтын болады. «Ордалықтар» бұл фильмге саундтрек жасап, жаңа бейнебаянды Алматы қаласының әуежайында 3 сағатта түсіріпті.

«Біздің бейнебаянға жазылған әуеннің авторы да, режиссері де – Ерболат Беделхан», - деп «Орда» тобының мүшесі Есб ... Читать дальше »
Просмотров: 2802 | Добавленно: 05.03.2012 | Комментариев: 3

Еліміз тәуелсіздік алған тұста қазақ музыка өнері он шақты жыл өтпелі кезеңді басынан өткерді. Бұл жағдай, әсіресе, жас ұрпақтың есін алған эстрада жанрында қатты білінді. Өткен ғасырдың 1970-1980 жылдары сахна төрінде салтанат құрған «Дос-Мұқасанның» екпіні басылып, ел таныған көптеген эстрадалық топтар «балапан басына, тұрымтай тұсына» деген күйге түсуге мәжбүр болды.

Осы кезеңде ресейлік әріптестерінің ізін қазақ жерінде сәтті жалғастыра білген орыстілді эстрада әншілері шоу-бизнеске тез бейімделіп, жұлдыздары оңынан туды. Қайда барсаң, Парвиз Назаров, Кирилл Ли, дуэт «Л», «Яшлык», «Мюзикола», т.б. сияқты топтар мен әншілердің әндері әуелеп, атақтары аспандап тұратын. Олардың әндері сол кездегі эстрадаға еліткен жас қауымның жүрегін жаулағаны анық еді. Ал қазақтілді эстрададан тек «АБК» тобы ғана бұлт арасындағы найзағайдай анда-санда жарқ ете қалатын. Бірақ бір ғана топтың әрекеті тәй-тәй басқан қазақ эстрадасының қанаты қатайып, басқалармен лайықты бәсекеге түсе алуын ... Читать дальше »
Просмотров: 1840 | Добавленно: 03.03.2012 | Комментариев: 1

Құрметті әріптестер!

Сіздерді ару көктемнің алғашқы мерекесі 8 – наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, от басыларыңызға құт-береке, ауызбірлік пен тыныштық тілеймін.

*********

Қымбатты ханымдар!

8-Наурыз мерекесі құтты болсын! Баршаңызға асыл армандардың орындалуын, жан жадыратар қуаныштың мол болуын, отбасы бақыты мен берекесі сарқылмауын, денсаулықтың мұқалмауын тілеймін!

********

Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әйел-Ана - өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Еліміздің сән-салтанаты мен Елордамыздың мерейінің үстем болуында да қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Олай болса, көктем ... Читать дальше »
Просмотров: 2336 | Добавленно: 03.03.2012 | Комментариев: 0

Семей өңірінде дүниеге келген арқалы ақындардың бірі – Ринат Зайытовты білмейтін қазақ кемде-кем. 17 жасынан бастап айтысқа қатысып, бірнеше рет бас жүлдені қанжығасына байлаған жыр жүйрігі өткен жылдан бері сахнадан көрінбей жүр. Тіпті ол 12 – 13-ші ақпан күндері Алматыда өткен «Қонаевтай ер қайда?» атты айтысқа да қатыспады. Айтысты жүргізуші Жүрсін Ерманның айтуынша, Ринат «жұлдыз» ауруына шалдыққан секілді. «Ол баспасөзді шулатып, өтірік айтып сұхбат беріп жүр. Сондықтан мен оны осы айтыстан жаза ретінде шеттетіп отырмын», – деген еді Ж. Ерман. Осындай жағдайлар себеп болды ма екен, өткен сәрсенбіде Ринат Зайытов «Азаттық» радиосының сайты арқылы онлайн-конфереция өткізді. Екі сағатқа созылған конференция барысында оған көптеген сұрақтар қойылды. Біз оқырман назарына осы онлайн-сұхбатты ықшамдап ұсынып отырмыз.

– Айтыста пара алу, беру бар деп естідік. Сосын бар мәселені Жүрсін Ерман шешеді деген сөз шындық па?

– Айтыста жүріп өзім пара беріп көрген жоқпын ... Читать дальше »
Просмотров: 2206 | Добавленно: 02.03.2012 | Комментариев: 0

10-шы маусым күні "Қазақфильм" киностудиясының Тон студиясында режиссер Талғат Теменовтың "Менің күнәлі періштем" фильмінің БАҚ өкілдеріне арналған көрсетілімі өтті.



Жанры – жастар киносы. Фильмнің режиссері мен сценарий авторы Талғат Теменов. Фильмде арман қуып Парижге барғысы келетін жас қыздың өмірін суреттеледі. Өмір теперішін көрген Айшаның сүйген жігіті бола тұра, арманының орындалуы үшін бай жігітпен көңіл қоспақ болады. Бойжеткен асқақ арманның орындалуын таңдай ма, әлде жүрек лүпілінің әмірімен шынайы махаббатты таңдай ма? Осы сұрақ негізінде фильм өрбиді. Фильм шынайы махаббат пен пәк сезімді суреттейді Фильмнің жалпы құны

2,5 миллион АҚШ доллары. Фильм көпшілік қауымға қыркүйек айында ұсынылады.



Басты рөлдерді бұған дейін танымал емес актерлер ойнаған. Олар: Данияр Қанатқалиев ( Азамат), Құралай Анарбекова (Айша), Жерар Депардье (Шарль), Мұрат Ахманов (Асхат Бабаевич), Асылболат Ысмағұлов (мединститут профессор ... Читать дальше »
Просмотров: 2281 | Добавленно: 02.03.2012 | Комментариев: 1

Бүгінде арулардың сүйікті әншісіне айналған әнші Қайрат Нұртас жақында ерекше марапатқа ие болды. Ол Республикалық телеарна ұйымдастырған бағдарламада ен мықты дауыс пен хитке айналған әндердің орындаушысы ретінде марапатталды.

Тағы бір ерекше сый ол Қайраттың ұтып алған көлігі. Мұныда әнші аталған бағдарламадан сыйлық ретінде алды. Қуанышымызда шек жоқ дейді әншінің продюсері. Қазір Қайрат қарқынды түрде жаңа әндер жаздыру үстінде . Ал жаңа жылды әнші Астана қаласындағы үйінде отбасы ортасында қарсы алмақ.

Мерекелерден кейін Қайрат Нұртас Дубай еліне барып демалып қайтпақ дейді әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира ханым.

Қайрат сонымен қатар, бірнеше әншілермен дуэт болып, ән жаздырды. Әрі халық әндерін жазуды да қолға алды.
Просмотров: 1902 | Добавленно: 25.02.2012 | Комментариев: 3

1 2 »
Последние релизы
Интересное
Последние релизы
Последние релизы
Интересное