count 88x31px
Меню сайта
Последние релизы
Друзья сайта
Последние релизы
Интересное
Главная » Файлы »

Семей өңірінде дүниеге келген арқалы ақындардың бірі – Ринат Зайытовты білмейтін қазақ кемде-кем. 17 жасынан бастап айтысқа қатысып, бірнеше рет бас жүлдені қанжығасына байлаған жыр жүйрігі өткен жылдан бері сахнадан көрінбей жүр. Тіпті ол 12 – 13-ші ақпан күндері Алматыда өткен «Қонаевтай ер қайда?» атты айтысқа да қатыспады. Айтысты жүргізуші Жүрсін Ерманның айтуынша, Ринат «жұлдыз» ауруына шалдыққан секілді. «Ол баспасөзді шулатып, өтірік айтып сұхбат беріп жүр. Сондықтан мен оны осы айтыстан жаза ретінде шеттетіп отырмын», – деген еді Ж. Ерман. Осындай жағдайлар себеп болды ма екен, өткен сәрсенбіде Ринат Зайытов «Азаттық» радиосының сайты арқылы онлайн-конфереция өткізді. Екі сағатқа созылған конференция барысында оған көптеген сұрақтар қойылды. Біз оқырман назарына осы онлайн-сұхбатты ықшамдап ұсынып отырмыз.

– Айтыста пара алу, беру бар деп естідік. Сосын бар мәселені Жүрсін Ерман шешеді деген сөз шындық па?

– Айтыста жүріп өзім пара беріп көрген жоқпын. Біреудің беріп жатқанын немесе алғанын да көрмедім. Ал мәселені Жүрсін Ерманның шешу-шешпеуі айтысқа байланысты. Мәселен, кейбір жерде демеушілердің өзі, кейде халық шешеді. Көбінесе қазылар алқасында бір беделді адам отырса барлығы соның ығына жығылып кетеді.

– Қазіргі айтыста шаппа-шап айтысатындар кімдер? Жас ақындардан кімдерге көңіліңіз толады?

– Шаппа-шап айтысатындар – Бекарыс, Балғынбек, Серікзат, Жандарбек және Мұхтар Ниязов. Ал жастардың ішіндегі Жандарбек, Төреғали және Мейірбек жақсы ақындар.

– Айтысқа шығатындарды кім іріктейді?

– Жүрсін Ерман. Басқа кім анықтайды?

– Кей ақындар он ауыз өлең айтып көлік мінеді немесе қомақты қаржыны қалтасына басады. Осы әділдік пе?

– Әркімнің Құдай берген несібесі бар ғой. Мысалы, олимпиада чемпиондары үш минут темір көтереді де, депутаттықа дейін барады. Меніңше, олай таразылауға болмайды.

– Сөзі көркем, ойы терең ақын кім?

– Мұхамеджан Тазабеков.

– Ұялы телефоннан сіздің «разборкаңызды» көрген едік...

– Видеода менімен «төбелесіп» жүрген – досым. «Театр өнері» бөлімінде оқығанда «сахна төбелесі» сабағын жақсы оқығаным көрініп тұрған шығар. Қалжың ғой. Толығырақ 8-наурызда «Еларна» телеарнасының «Жарайсың!» бағдарламасында айтылады.

– Жүрсінсіз айтыстың бет-бейнесі болмайды дегенге не дейсің?

– Ол кісі айтыстың бет-бейнесіне айналған адам. Ел назарының аууы жылдар бойғы еңбектің арқасы шығар. Жүрсінсіз айтыс бола берер, бірақ қызықты өтуі екіталай.

– Исламға деген көзқарасыңыз қалай?

– Бес уақыт намаз оқымаймын, бірақ жұма намазды жібермеуге тырысамын. Исламға деген көзқарасым өте дұрыс.

– Айтыста жеңілгеніңізді мойындадыңыз ба? Мысалы, қай ақыннан?

– 2003 жылы Оразалы Досбосыновтан, 2007-де Бекарыстан, 2009 жылы Мұхтар Ниязовтан жеңілгенмін. Оны сахнада мойындағаныма ұялмаймын.

– Жаңаөзендегі жағдай жөнінде не айтасыз?

– Мен қашанда халық жағындамын. Және Жаңаөзендегі жағдайға дейін қанша адамға қастандық жасалғанын білемін. Үкімет тым кеш қимылдады. Сонда да жазықтылардың жазасын дұрыс берсе екен деймін.

– Халық сені жек көріп кетті. Сен «жұлдыз» ауруына ұшырадың, солай ма?

– Бүкіл халықтың пікірі сіз арқылы жеткізілсін деген пәрмен келсе, амал нешік?! Жек көрсеңіз – өз еркіңізде. «Жұлдыз» ауруына шалдықтым деп ойламаймын.

– Мінезіңіз қандай, «контуженный» емессіз бе?

– Ешқандай «контузиям» жоқ.

– Айтысқа бөлінген 80 миллион теңге жөнінде не айтасыз?

– Айтысқа қатысқан 10 жылдың ішінде қай ақша қайдан келді немесе қайда кетеді деп ойланып көрмеппін. Меніңше, ол айтыскер ақынның шаруасы емес.

– Ринат! Қазаққа не болды? Қазақстан нағыз тәуелсіз мемлекет пе? ЕвразЭС және ТС-ге қалай қарайсыз? Қазақстанға қандай Президент лайық?

– Қазаққа ештеңе болған жоқ. Ең қиыны, 20 жылда құлдық санадан бір серпіле алмадық-ау. Қазақстанның Тәуелсіздігі тек қағаз жүзінде ғана деп ойлаймын. Оған себеп – қазақ ұлтының және тілінің тиісті бағасын алмағаны. Үшінші сұрақ бойынша. «Ортақ өгізден оңаша бұзау артық» деген ата-бабаларымыз ақымақ емес шығар. Ал Елбасымыз өзінен кейін Тасмағанбетовті орнына қалдырса деген арманым бар. Меніңше, сол лайық сияқты.

– Оңтүстік пен Жетісудың, Арқа мен солтүстіктің, шығыстың және батыстың ең мықты ақындары кімдер?

– Қазіргілерін айтайын. Оңтүстікте – Бекарыс, Жетісуда – Жандарбек. Арқада – Аманжол, шығыста – Аслан Ғапуров, ал батыста – Нұрлан Мұсаев.

– Жақында қасиетті Меккеге барыпсыз. Алған әсеріңіз қандай?

– Қағбаны көрген адамды ең бірінші қорқыныш билейді екен. Себебі істеген қателіктеріңнің барлығы еріксіз еске түседі. Алған әсерім – кешірім сұраудан басқаға шамам келмеді. Сол қабыл болған шығар деген үміттемін.

...Екі сағат ішінде ақынға 200-ге жуық сұрақтар қойылды. Оның 90 пайыздайы айтыстың төңірегінде болды. Ринат Зайытов өзіне қойылған сұрақтардың басым көпшілігіне жауап қайтарды.

Біз онлайн-конференциядан соң Ринат Зайытовтың өзімен байланысуға әрекет жасағанбыз, бірақ оның сәті түспеді. Амандық болса, реті келіп жатса, ақынның өзімен сұхбаттасу ойымыз бар.
Просмотров: 2224 | Добавленно: 02.03.2012 | Комментариев: 0 | Автор: Bake-Mari

Помоги порталу, кликни по рекламе
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Последние релизы
Интересное
Последние релизы
Последние релизы
Интересное