count 88x31px
Меню сайта
Последние релизы
Друзья сайта
Последние релизы
Интересное
Главная » Файлы »

Қазақ эстрадасы тағы бір талантты жігіттерден құралған «Заман» тобымен толықты. «Өмір өзен ағады..»деп өнер сүйер жүректерді тебіренткен жас әншілер Ерден мен Әсет киелі батыс өңірінің тумалары. Сахнаға шыққандарына санаулы уақыт болса да өз көрермендерін тауып үлгерді.

–«Заман» қалай құрылды? Лұқпан Жолдасовпен қалай кездестіңдер?

–Әсет: Атырау қаласында филармонияда жұмыс жасап жүрген едік. Ерден өз алдына жеке әнші, мен де солай. 2011 жылдың басында Лұқпан аға «Каспий» тобымен Атырауға жаңа жылдық концертке келді . Сол жерде танысып, біздің әнімізді тыңдаған болатын. Содан бізді ұнатып осылай қанатының астына алды.

–Топтың атауы неліктен «Заман» деп қойылды? Бұл идея қайдан туындады?

–Ерден: Бұрын Маңғыстауда «Заман» деген топ болған. Оның мүшелері қазір ақсақал жасына келген кісілер. Лұқпан аға арнайы барып сол кісілердің алдынан өтіп рұхсатын, батасын алып топтың атауы бекітілді.

–Әсет: Бір жағынан заманға лайықты, халықтың көңілінен шығатын заманауи әні бар, халық сүйіп тыңдайтын топ болсақ деген үмітпен де осылай аталған.

–Өскен орталарың , отбасылық жағдайларың жөнінде айта кетсеңдер…

–Ерден: Мен Орал қаласы, Жәнібек ауданы, Ұзынкөл ауылынанмын. Үйленгенмін. Жарымның есімі – Айнұр, өнерлі әнші апкеміздей болсын деген ниетпен есімін Қарақат деп қойған кішкене қызым бар.

–Әсет: Мен Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қоныстану ауылынанмын. Үйленбегем. Үйдің үлкенімін. Әзірге отбасын құру туралы тек ой ғана. Біраз өнерімді шыңдап алайын, кейін көре жатармын. Әйтпесе жасымыз да 25-ке келіп калыпты (күліп.)

– «Ел арна» телеарнасында көрсетілген «Саз әлемі» жобасында «Лұқпан Жолдасов біздің продюсеріміз емес» деген едіңдер…

–Әсет: Ол кезде «Саз әлемінде» Лұқпан аға жюри болған еді. Сондықтан мені продюсеріміз деп айтпай-ақ қойыңдар деген болатын.

–Сонда халықты алдадыңдар ма?

–Әсет: Жо-жоқ, бұл халықты алдау емес. Біз ол кезде жаңадан шығып жатқан кезіміз. Оның үстіне біз Лұқпан Жолдасовпен арнайы келісім шартқа отырған жоқпыз.Арамызда таза ағалы-інілі сыйластықпен жұмыс жасап жатырмыз. Жюри болғандықтан «продюсеріміз» десек ел басқаша ойлап қалар деп Лұқпан ағаның өзі өтінген болатын.

–Қазіргі кезде жас әнші, жас топтар да көп. «Сүйем, күйем», «агентте неге жоқсың» деген секілді жеңіл, мәнсіз әндер де көбейіп барады. Осы тұрғыда сендер үшін әннің сөзі қаншалықты маңызды?

–Ерден: Әннің сөзі біз үшін бірінші орында.Сондықтан халық білетін, өлеңдері мағыналы, нағыз ақындарға сөз жаздырамыз. Негізінен бізге әнді Лұқпан аға таңдап береді. Көбіне сол кісінің әніне жазылғандарды орындаймыз. Қазіргі таңда белгілі екі ақынмен жұмыс жасап жатырмыз – Талант Арынғали және Ринат Зайытов. Болашақта Қалқаман Сариннің де өлеңдеріне ән жаздыру ойда бар. Сосын қалай болса солай киініп, сахнада бос секіріп, мағынасыз ән айту да біздің табиғатымызға жат. Қарапайым киінеміз, барынша халықтың жүрегіне жақын әндерді орындауға тырысамыз.

–Музыкалық білімдерің бар ма?

–Әсет: Оқуға түстік, алайда Ерден де мен де аяқтамай шығып кеттік. Мен актер мамандығына, Ерден ән жағына тапсырған болатын. Отбасы жағдайына байланысты тағы басқа белгілі себептермен оқуды тастауға тура келді. Бірақ алдағы уақыттарда қайта қолға алуымыз мүмкін.

–«Жігітке жеті өнер де аз» дегендей әншіліктен өзге қандай таланттарың бар?

–Ерден: Әрине, онсыз болмайды ғой. Өнеріміз жетіп артылады деп те мақтанбаймыз. Екеуміз де сурет салғанды жақсы көреміз. Көңілді сергітуге және жан дүниемізді мазалаған кейбір жайсыз ойлардан арылу үшін.

–Алдағы уақыттың таразысына дайындап отырған шығармашылық жоспарларың қандай?

–Әсет: Киелі өнер әлеміне енді аяқ басып жатқандықтан ең алдымен репертуарымыздағы әндер санын көбейту. Және жақында Фарида Жолдасовамен бірге ән жаздыруды қолға алып жатырмыз.

–Сұхбатқа рахмет. Іске сәт.
Просмотров: 1792 | Добавленно: 02.04.2012 | Комментариев: 0 | Автор: Bake-Mari

Помоги порталу, кликни по рекламе
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Последние релизы
Интересное
Последние релизы
Последние релизы
Интересное