count 88x31px
Меню сайта
Последние релизы
Друзья сайта
Последние релизы
Интересное
Главная » Файлы »

10-шы маусым күні "Қазақфильм" киностудиясының Тон студиясында режиссер Талғат Теменовтың "Менің күнәлі періштем" фильмінің БАҚ өкілдеріне арналған көрсетілімі өтті.



Жанры – жастар киносы. Фильмнің режиссері мен сценарий авторы Талғат Теменов. Фильмде арман қуып Парижге барғысы келетін жас қыздың өмірін суреттеледі. Өмір теперішін көрген Айшаның сүйген жігіті бола тұра, арманының орындалуы үшін бай жігітпен көңіл қоспақ болады. Бойжеткен асқақ арманның орындалуын таңдай ма, әлде жүрек лүпілінің әмірімен шынайы махаббатты таңдай ма? Осы сұрақ негізінде фильм өрбиді. Фильм шынайы махаббат пен пәк сезімді суреттейді Фильмнің жалпы құны

2,5 миллион АҚШ доллары. Фильм көпшілік қауымға қыркүйек айында ұсынылады.



Басты рөлдерді бұған дейін танымал емес актерлер ойнаған. Олар: Данияр Қанатқалиев ( Азамат), Құралай Анарбекова (Айша), Жерар Депардье (Шарль), Мұрат Ахманов (Асхат Бабаевич), Асылболат Ысмағұлов (мединститут профессоры) және т.б.



“Түсірілімдер Алматы қаласының, еліміздің және Францияның ең әсем, көрікті деген жерлерінде жасалды. Туынды қазақ халқының жақсы дәстүрлерін көрсететін, әдемілікті, махаббатты, достықты, адамгершілікті, кісілік пен кішілікті, сезімталдықты паш ететін фильм. Мұнда еш жағымсыз кейіпкер жоқ. Менің ойымша, бұл көрермен көңілінен шығатын фильм болады. Тіпті “Махаббат бекеті“ фильмінен асып түсетін, танымалдылыққа ие болатын фильм болатынына сенемін”,-деді Талғат Теменов. Фильмді есімі әлемге танымал Николас Трембасьевич монтаждап жатыр.



Т.Теменов осыған дейін де бірнеше фильмдерді қазақ көрермендеріне ұсынған режиссер. "Менің күнәлі періштем" фильмі де көпшілік жылы қабылдайтынына сенеміз.
Просмотров: 2294 | Добавленно: 02.03.2012 | Комментариев: 2 | Автор: Bake-Mari

Помоги порталу, кликни по рекламе
Всего комментариев: 1
| Комментарий № 1 | Дата: 30.03.2012
көруге асықпыз))))
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Последние релизы
Интересное
Последние релизы
Последние релизы
Интересное