count 88x31px
Меню сайта
Последние релизы
Друзья сайта
Последние релизы
Интересное
Главная » Файлы »

Айдар Байжанов, Ердос Қанаев, Бағлан Әбдірайымов, Мырзахан Махановпен, яғни «Жігіттер» квартетімен жақында концерттердің бірінде кездесіп, аз-кем әңгімеге тартқанымыз бар-ды. Өнер иелерімен өрбіген сұхбатымызды «Күйтабаққа» ұсынып отырмыз. Танысыңыз…

- Соңғы кездері сахнадан көп көрінбеулеріңізді немен түсіндіресіздер?

Айдар: - Олай деп айтуға болмас. Сахнаға шықпай, болмаса түсірілімдерге қатыспай қалған күніміз жоқ. Ретіне қарай шақырған концерттердің барлығына да үлгеруге тырысамыз. Қысқасы, квартет жұмысын бұрынғы қарқынмен жалғастырып жатыр. Мүмкін, бұған гастрольдік сапарларымыздың да өзіндік әсері бар болар. Өйткені, кейбір кездері айлап үй көрмей, еліміздің аудан-аймақтарын аралайтынымыз бар. Сол себепті, оңтүстік астанада ұйымдастырылатын кейбір кештерден қалыс қаламыз. Жалпы алғанда, бәрі де баяғыдай, әйтеуір мүмкіндігімізше еңбек етіп жатырмыз ғой.

- Дегенмен, бастапқымен салыстырсақ, бүгінгі «Жігіттердің» бәсі сәл төмендеген сияқты…

Бағлан: - Өзіңіз айтпақшы, бәлкім, қазіргі таңда сәл төмендеген де шығармыз. Бірақ құлдырап кеттік деуден аулақпын. Бұған қоса оның да өзіне тән себептері бар… Біріншіден, біз құрылған 2003 жылдан бері қазақ эстрадасына көптеген топ дүниеге келді. Яғни, әншілер, соған сай түрлі музыкалық жанрлар, бірнеше бағыттағы әндер жарыққа шықты. Арасында біздің «көшірмелеріміз» де кездеседі. Бұның өзі сіз айтып отырған жайтқа септігін тигізбей қоймайды. Одан бөлек, жеке өмірімізге байланысты өз-өзімізге аз-кем шығармашылық үзіліс жарияладық. Сондай-ақ өзге де себептердің болуы да ықтимал. Әйткенмен, жоғарыда айтқанымыздай, біздің бергенімізден береріміз көп, шығар шыңымыз әлі алда.

- «Ерке қыз» атты алғашқы концерттеріңізде сахнада ән айтып қана қоймай, бишілік қырыңызбен де көрініп едіңіздер. Бірақ бұл өнерлеріңіз кейін тасада қалғандай?

Ердос: - Иә, Республика сара-йында өткен алғашқы есеп беру кешімізде бишілік қабілетімізбен де танылайық деп, бұл бастаманы қолға алғанбыз. Алайда, концертімізді тамашалаған көзі қырағы көрермен қауым мен өнердегі аға-әпкелеріміз «тек қана ән салсаңыздар екен» деген ақыл-кеңесін айтты. Сірә, аталған өнеріміз әсерлі шықпаса керек. Содан соң үлкен сахнада билеуді доғарып, тек ән шырқаймыз деп шештік. Десек те, достарымыздың арасында анда-санда билеп алатынымыз бар (күліп).

- Жалпы, осы сегіз жылдың ішінде не өзгерді? Бұрынғы мен бүгінгі «Жігіттерді» салыстырып көрсек…

Ердос: - Меніңше, өміріміз бен өнерімізде көптеген өзгерістер бар. Осыдан бірнеше жыл бұрын арамызға Мырзахан келіп қосылып, «Жігіттердің» жаңа мүшесі атанды. Содан бері тек махаббат тақырыбындағы әндермен шектелмей, айтары мол, философиялық туындыларды да репертуарымызға кіргіздік. Сонымен бірге бірнеше мәрте еліміздің бас сахнасы - Республика сарайында есеп беру кешімізді өткізгенімізді айта кеткім келеді. Онға жуық әнге бейнеклип түсіріп, кино саласында да бағымызды сынап көрумен қатар, көршілес мемлекеттерге ат басын бұрдық. Бұл - өнердегі оңды өзгерістеріміз. Ал өмірдегі жаңалықтарға келсек, хабардар боларсыз, әуелі Айдар үйленіп, Раушан есімді құсын қолына қондырды. Бағлан екеуміз де бойдақтардың санын азайтып, жақында отбасын құрдық. Әзірше осы…

Бағлан: - Ердостың тағы бір қуанышты хабарымен бөліскім келеді, ол жуырда сәбилі болды.

- Ендеше, Ерғали ағаларың «ата» атанып, алғашқы «немересін» сүйіп жатқанда, топтағы жалғыз бойдақ - Мырзахан отағасы атануды қай уақытқа жоспарлап жүр екен?

Айдар: - Сол сұрақ, шыны керек, өзімізді де мазалайды (күліп). Алла жазса, алдағы айлардың бірінде үйленеді деп сенеміз. Солай ғой, Мырзахан?.. (Бұл ретте сұхбат барысында басын изеумен ғана шектелген Мырзахан әуелі күліп алып, еріксіз әңгімеге араласты… - А.С.).

Мырзахан: - Әрине, отбасын құрмақ ойымыз бар. Алдағы айлардың бірі болмаса да, келер жылдары ортамыз кеңейер деп ойлаймын.

- Құпия болмаса, «Жігіттердегі» жалғыз бойдақтың жүрегін жаулаған қыз кім?

Мырзахан: - Расын айтсам, өмірлік жар болар қызды әлі жолықтырған жоқпын. Жүрегім де, басым да әзірге бос (күліп).

Айдар: - Әйтсе де, мақтанғанымыз емес, «кандидат» қыздардың көп екендігі шындық. Бауырымызға ақылына көркі сай, иманды әрі ибалы аруды іздеп жүрміз.

- Жалпы, тіл-көзден қорқасыздар ма? Кейбір әншілер сахнаға бойтұмарсыз шықпайтын көрінеді…

Ердос: - Бүгінге дейін бойтұмар тағып көрген емеспіз. Тек «бісмілләмізді» айтып, Аллаға сиынамыз да, кез келген ісімізді бастап кете береміз. Бастысы - Құдайдың бар екеніне сеніп, соған илану ғой.

- Осы ретте, «Жігіттер» тобының барлық мүшелері сәждеге бас иіп, намазға жығылған деп естіп жатамыз…

Мырзахан: - Аллаға шүкір, мұсылманның бес парызы - бес уақыт намазды қаза қылмаймыз. Намаз оқуды алдымен Айдар бастап, кейін бәріміз де соның игі ісін жалғастыруды жөн көрдім. Әрине, өнер адамы болғаннан кейін уақытымыз аз, концерттер көп дегендей… Дегенмен, ниетің түзу болса, барлығына да үлгеруге мүмкіндік бар екен. Алла сәтін салса, діни бағыттағы әндерді де орындамақ ойымыз жоқ емес.

- Жігіттер, шығармашылықтағы жаңалықтармен бөліссеңіздер.

Бағлан: - Біздегі басты жаңалық - еліміздің барлық облыстарын гастрольдік сапармен аралап, аймақтағы тыңдармандарымызбен қауышып жатырмыз. Бұл концерттердің басқалардан ерекшелігі сол, төрттіктегі әр әнші өнерін ортаға салып, өзінің бұған дейін белгісіз боп келген тағы бір қырын халыққа танытады. Яғни, біреуіміз домбырамен дәстүрлі нақыштағы әндерді орындасақ, екіншіміз қолымызға гитарамызды алып, жұртшылықтың қошеметіне бөленуді көздеп отырмыз. Қысқасы, жеке-жеке шығып, шалғайдағы жанкүйерлерімізді таңғалдырсақ дейміз.

Сондай-ақ көктемге таман жақсы бір әнге бейнеклип түсіру жоспарда бар.

- Топтағы әр жігіттің жеке өнер көрсетуіне қарағанда, болашақта «Жігіттердің» ыдырап кетуі мүмкін бе?

Айдар: - Құдай сақтасын! Ондай жайтқа жол бермейміз. Дұрыс түсініңіз, үнемі төртеуміз бірігіп ән айтып, көрерменді жалықтырып алмас үшін концертімізге осындай жаңашылдықты енгіздік. Оның үстіне, бұл тың тәсілдің әрқайсымызға да оңды әсер етері сөзсіз: шығармашылық тұрғыдан айтарлықтай өсеміз деп ойлаймын. «Бөлінгенді бөрі жейді» демекші, жан-жаққа кету ойымызда да жоқ. Бізді бұл өмірде ешкім де айыра алмайды. Әрине, Құдайдан басқасы…

Просмотров: 1427 | Добавленно: 03.02.2012 | Комментариев: 1 | Автор: Bake-Mari

Помоги порталу, кликни по рекламе
Всего комментариев: 1
| Комментарий № 1 | Дата: 08.03.2012
Жігіттер мен сіздерге тек табыс тілеймін
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Последние релизы
Интересное
Последние релизы
Последние релизы
Интересное